«Шардара» су қоймасында балық аулауға шыққан екі азамат суға батып кетті. Суға кеткен бір азаматты сол маңдағы тұрғындар аман алып қалды. Ал екінші балықшының денесі екі тәуліктен кейін өлі күйінде табылған.

Зарипа Абдуллаева, ОҚО ТЖД бас маманы: «Іздеу жұмыстары үшінші наурыз күні басталған. Осы күні кешкі сағат жетілер шамасында бір балықшының денесін құтқарушылар тапқан. Оқыс оқиға орнында жүрген балықшылар бір азаматты аман алып қалды. Қайтыс болған азамат 1986 жылы туылған».

Құтқару жұмыстарына төтеншеліктерден бес қызметкер, бір техника және жергілікті тұрғындардан сексенге жуық адам жұмылдырылған. Құтқарушыларға хабарлама екінші тәулік күні түскен. Ал балықшылар бірінші наурыз күні суға батып кеткен. Осы күні қатты жел тұрып, екі азаматтың қайығы аударылып кетіпті. Жергілікті тұрғындар балықшылардың қайығын келесі күні Қарыс ауылындағы жағалаудан тауып алған.