Шардарада су қорықшыларын ұрып соққан балықшылар ұсталды

476

Шардара АІІБ-не өндірістік кооператив мекемесінен қатынас хат келіп түскен. Онда Шардара су қоймасында заңсыз балық аулауға қарсы рейдтік іс-шара барысында заңсыз балық аулап жүрген қайықтарды ұстаған кезінде бір топ балықшы азаматтар су қорықшыларының талаптарына бағынбай, ұрып соққанын көрсеткен.

Шардара АІІБ-нің қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шарасы барысында күдікті ретінде Сарыағаш ауданының 1990, 1994 және 1987 жылы туылған төрт тұрғыны екені анықталды.

Қазіргі таңда аталған жайт негізінде денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.

ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы