«Түнгі соттар» жобасы енгізілуі мүмкін

451

Елімізде жұмыстан тыс уақытта «Түнгі соттар» жобасы енгізілуі мүмкін. Қанатқақты жобаның «төркіні» Сингапур. Аталған елдің сот жүйелерінде мұндай тәжрибе бұрыннан бар. Бүгінгі күні елімізге де осы «түнгі соттар» жобасын енгізу мәселесі талқылану үстінде. Бұл туралы Жоғарғы соттың судьясы Ұлболсын Сүлейменова өзінің Facebook желісіндегі парақшасында жазған.

«Тәртіп бұзушы өз кінәсін мойындап, келтірілген шығын көлемімен келіскен және екі тарап та істі жұмыстан тыс уақытта қарауға келіскен жағдайда әкімшілік істер мысалы 19.00-22.00 аралығында қаралуы мүмкін» дейді судья.

Айтылған түнгі уақытта жол көлік оқиғасы, жол тәртібін бұзу, отбасылық кикілжіңдер, миграция мәселелерін қарастырылуы мүмкін. Алдағы уақытта бұдан өзге де мәселелер кіріктірілуі ғажап емес. Осыған орай Жоғарғы сот тұрғындардан тағы қандай істі түн мезгілінде қарауға болатыны туралы ұсыныстар күтетіні айтылды.