Ұры әйелді түрмеден балалары құтқарып қалды

799

Мақтарал АІІБ-ның қызметкерлері Жетісай қаласындағы тұрғын үйлерде жасалған бөтеннің мүлкін ұрлау мен тонауға күдікті 31 жастағы әйелді ұстады.

Өткен жылдың тамыз айында күдікті үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, 67 жастағы жергілікті тұрғынның үйіне терезе арқылы кіріп, жалпы сомасы миллион теңгеден астам ақшасы мен алтын бұйымдарын ұрлап кеткен.

Ал, бір аптадан кейін күдікті аула арқылы тағы бір жәбірленушінің үйіне кірген, онда үй иесінің 8 жастағы қызы болған. Үйде қыздан басқа үлкендердің жоқтығын біліп, тонаушы сейфтен ақша мен жалпы сомасы 3 миллион теңге тұратын алтын бұйымдарын қолды қылған.

Аталған жайт Мақтарал АІІБ-ның «ұрлық» және «тонау» бабымен СДТБТ-не тіркелді.
Мақтарал АІІБ-ның қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру іс-шарасы барысында күдіктіні ұстады, ол 1987 ж.т. жергілікті тұрғын болып шықты. Айғақты зат ретінде полиция қызметкерлері ұрланған мүліктің бір бөлігін тәркіледі.

Қазіргі таңда 31 жастағы әйелдің кішкентай балалары бар екенін ескеріп, сот қылмыскерді шартты түрде 5 жылға бас бостандығынан айырды.

ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы