Адам өлтіріп, кісі тонағаны үшін 12 жылға сотталды

456

Кісі өлтііріп, адамдарды ашық тонағаны үшін 12 жыл алты айға сотталды. ОҚО мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында бүгін осындай үкім оқылды.

Сотталушы Сарығаш ауданында «Шымкент-Жетісай» тас жолы бойында дүкендерден  ішімдік сатып алып, бірге ішкен танысын пышақтап өлтірген. Мас халде екеу арасында туындаған кикілжің соңы төбелеске ұласып, ақырында сотталушы марқұмды асхана пышағымен жарақаттаған. Және дәл бұл қылмысы туралы сот тергеу барысында мойындағысы келмеген.

Кісі өлтірген соң да ары қарай алкогольді ішуді доғармаған ол тағы бір бөтелкелесімен сол маңнан өтіп бара жатқан адамды тонаған. Сөйтіп сотталушы ҚР ҚК – нің 99 бабымен яғни, кісі өлтіру бойынша, сондай ақ 191 бабымен тонаушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Дәурен Мадалиев, ОҚО мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотының судьясы: «ҚР ҚК – нің 99 бабы, 2-ші бөлігімен, 191 бабының 2- ші бөлігімен кінәлі деп танылып, 12 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылсын. Жазаны қауіпсіздігі орташа мекемде өтесін».