Автокөліктен бағалы заттарды ұрлауды кәсіп еткен азамат қолға түсті

481

Оңтүстік полицейлері жыл басынан бері облыс аумағында орын алып жатқан қалтаға түсу, автокөліктен ұрлау, пәтер тонау және т.б. қылмыстарды ашу бағытында жедел-іздестіру шараларын үздіксіз жүргізіп келеді.

Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ-нің кезекші бөліміне 1998 жылы туылған Қазығұрт ауданының тұрғыны арызданып, ол белгісіз тұлғаның Шымкент қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің ауласында тұрғын автокөлігінің терезесін сындыру арқылы ішіндегі ақшасын ұрлап кеткенін көрсеткен.

Сондай-ақ, 27 – қаңтарда Шымкент қаласының 1988 жылғы тұрғыны, қаладағы «Қырғы» базар аумағында белгісіз тұлға қалтасында болған құны 39 000 теңге тұратын ұялы телефонын жасырын ұрлап кеткенін айтып арызданған.

Аталған жайттар бойынша Әл-Фараби АІІБ қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, күдікті Шымкент қаласының тұрғыны 1979 жылы туылған азамат анықталып, ұсталды.

Полицейлер анықтағандай, күдікті барлық қылмыстарын бір сызбамен іске асырып келген. Ол иесіз қалған автокөліктердің терезесін сындыру арқылы, ішіндегі ақша мен бағалы заттарды жымқырып және халық көп шоғырланған орындарда адамдардың қалтасына түсіп, ұялы телефон ақша сынды дүниелерін ұрлап кетіп отырған.

Әл-Фараби АІІБ полицейлерімен жүргізілген тергеп-тексеру шаралары барысында күдіктінің осы тектес 15 қылмысқа қатысы барлығы анықталды, сондай-ақ полицейлер жәбірленушілерге келген жалпы шығын көлемін анықтауда.

Қазіргі таңда күдікті соттың санкциясымен қамауға алынған. Аталған жайттар негізінде «ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

QAINAR KÓZОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы