«Ажур» жаңа жиынтығын ұсынады

1060

«Ажур» перделер салоны жаңа жиынтық ұсынады. Интерьер мен дизайнерлікте топжарған үздіктердің жаңалықтарын көруге тұрақты сатып алушылар түгел жиналды. Қаладағы қонақ үйлер мен мейрамхана сынды басқа да мекемелердің басшылары мен өкілдері «Ажурдың» әдемі перделерін көруге ынтық.

Шетелден әкелінген сапалы, қымбат маталардан тігілген перделер, төсек жаймалар, жастықтар мен үй декорының сәнді элементтерінің барлығын «Ажур» перделер салонынан табасыз. Материалдар Түркия мен Франциядан, АҚШ-тан әкелінеді.

Әлия Асылбекова, тұрақты сатып алушы, «Ваниль» кондитерлік үйінің иесі: «Біз «Ажурдан» кондитерлік үйге перделер тіктіргенбіз. Үйге, өзіме арнап төсек жайма «Ажурдан» сатып аламын. Бүгінгі презентация да өте керемет өтті».

Анастасия Гулбани, тұрақты сатып алушы, «Мимино» ресторанының директоры: «Мимино» сөзінің аудармасы «сұңқар» деген мағынаны білдіреді. Грузия тақырыбында декор. «Ажурдың» шеберлері тақырыпты дәл түсініп, терең сезініп жеткізе біледі. Көңіліміздегіні анық табады. Өйткені, мейрамханада дәмді ғана емес, саялы болуы қажет».

Стильді, сәнді… Жаңа жиынтықтың өзі де әдемілікпен әрленді. «Ажурдың» интерьер дизайнерлері барлық мақта мата өнімдерін өздері дайындап шыққан.

Инесса Сипалова, «Ажур» перделер дизайн интерьер салонының дизайнері: «Біздің жаңа жиынтықтың көптүрлілігі ерекше. Қоймадағы өнім, тапсырыстағы өнім. Біздің мамандар бір жарым айдың ішінде мұнша көлемдегі жұмысты аяқтап шықты. Үлкен жұмыс атқарылды. Ризамын».

Перденің материалы түс пен интерерьіңізге ғана сәйкес келуі керек. Дизайнерлер ол үшін тегін келіп өлшемін алып кетеді. Тігісі мен сапасына ғана мән бермей, әдемі пердені күте де білу керек.

Ольга Зайкина, «Ажур» салонының дизайнері: «Біздің цехта штаттық жұмыс орны орасан. Тігіншілер, шеберлер еңбекқор, ізденімпаз. Пердені күтуге көмекші қызмет те көрсетеміз. Өйткені пердені жуу, күтіп ұстау туралы сұрақтар жиі қойылады. Біз тігеміз, әрі күтім көрсетеміз».

«Ажур» салонының жұмыс тобы жаңа жиынтықты таныстыруын тамаша өткізді. Жаңа дизайнерлік дүниелер мен жоғары деңгейдегі шеберлікті паш етті.

Мекен жайы:  Тәуке-хан көш. 49, тел. 53-02-41, 8-701-803-62-32