Бірыңғай жиынтық төлемі қашан енгізіледі?

444
inform.kz

Аталған салық өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген азаматтар үшін енгізіледі. Оны төлеу, я төлемеу – әрбір адамның өз еркі, деп xабарлайды inform.kz.

ҚР Еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Әлтаевтің айтуынша, аталған төлемді жылдық табысы 100 АЕК-тен (240 500 теңге, айына – 20 041 теңге – авт.) аспайтын азаматтар төлей алады.

«Біз тиісті заң жобасын маусым айында Парламент Мәжілісіне енгізуді жоспарлап отырмыз. Жылдың аяғына дейін ол заң күшіне енетін шығар», – деді Н.Әлтаев ҚазАқпарат тілшісіне берген сұxбатында.

Айта кетейік, Үкіметтің бүгінгі отырысында ҚР Еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова арнайы салық режимі – бірыңғай жиынтық төлемінің енгізілетінін мәлімдеді. Оның айтуынша, аталған жүйенің негізгі мақсаты – өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген азаматтарды тіркеу шараларын жеңілдетіп, бейресми жұмыспен қамтылған xалықтың қызметін заңдастыру.

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтің айтуынша, бірыңғай жиынтық төлемінің мөлшері қала тұрғындары үшін айына бір айлық есептік көрсеткішті, ал ауыл тұрғындары үшін 0,3 айлық есептік көрсеткішті құрайды. Төлем құрамына барлық әлеуметтік төлемдер кіреді. Соның ішінде жеке табыс салығы – 10 процент, міндетті зейнетақы жарнасы – 40 процент, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына – 10 процент, медициналық сақтандыру жарнасы – 40 процент», – деді Т.Сүлейменов.