Болгар бұрышы сатылымға дайын

957
Түркістан қаласы әкімдігі

Түркістан қаласына қарасты Шаға ауылдық округіндегі «Дидар» өнеркәсіптік үлгідегі жылыжайы қаланы көкөніспен толық қамтуға қауқарлы. Бүгінде қала аумағы мен шағын ауылдарда жылыжай саны артқан.

«Дидар» шаруа қожалығы өз жұмысын 2015 жылы бастаған. Алғашында 3 гектар жерге қызанақ егілді. Қазір шаруашылық өрісі кеңейіп, 20 жергілікті азамат тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Биылдың өзінде жылыжай көлемін 90 гектарға жеткізу ойда бар. Бұл өз кезегінде әлеуметтің еңбек нарығындағы белсенділігін арттырмақ. Қазір Түркістан аумағында жалпы көлемі 57,7 гектар болатын 552 жылыжай бар.

Өнеркәсіптік үлгідегі жылыжайлардың көлемі 16,17 гектарға жеткен. Жылыжайдың 3 гектар жерінде болгар бұрышының «фламинго» деп аталатын сұрыпы өсіп тұр. Өнім бір ай ішінде нарыққа жол тартпақ. Кәсіп иесі Е.Нақыпбеков осында жобалық құны 220 млн. теңгені құрайтын сыйымдылығы 2000 тонна көкөніс сақтау қоймасын салған. Мұнда күзден бастап алма, жүзім, қырыққабат, қияр сақталады.