Ене мен келін сыйластығы

1015
Төле би ауданы әкімдігінің Facebook парақшасынан

ОҚО Төлеби ауданы орталық «Нұр» мешітінде ауданның бас имамы Самат Анарбаев қажының бастамасымен «Ислам және отбасы» жылы аясында «Келін ененің топырағынан» атты мәдени іс-шара ауқымды түрде аталып өтті.

Шараға шалғай жатқан ауылдардан 20 ене мен 20 келін қатысып, ақ жаулықты аналарымыз, ене мен келін арасындағы қарама-қайшылықтың туындауы мен отбасындағы жарасымды өмір көріністерін өз өмірлерінен өткенін ортаға салып, болашаққа рухани тәрбие боларлық мол тағылымды әңгімелер айтты.

Ене мен келін арасымды сыйластықтың туындауына себепкер боларлық ғибратты ғұмырларынан сыр шертті. Бұрынғы енелер мектебін көрген аналарымыз қазақтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын дәріптеді.

Аудандық «Нұр» мешіті имамы С. Анарбаев «Бесікке салу рәсімінде кіріспе ретінде Қазақ бесігінің киелі екендігін айта келіп, «Бесік біздің ана құрсағынан кейін» күллі қазақ баласын жасына толғанша тербеген екінші құрсағымыз» деп ойларын ортаға салды. Бесікке аса жауапкершілікпен, құрметпен қарауды насихаттады. Іс-шара барысында баланы «Бесікке салу» рәсімі өтті. 49 немере, 21 шөбере көрген ене, дәстүрді құрметтеп, шөпшек көрген енеге жолын беріп, баланы бесікке салу рәсімін өткізді.

Сонымен қатар аудан имамы Анарбаев Самат қажы келген қонақтарға» Келін енеден үлгі алады, ал ене қайдан үлгі алады?—деген сұрақтарды ортаға салу арқылы енелер мен келіндерді сұра-жауапқа шақырды. Рухани іс-шара соңында қазақтың қонақжайлық және сый құрметтеу дәстүрін айта келе жиынға келген қонақтарға арнайы сый–сыяпаттар тарту етті.