18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен ауқымды «Музей түні» мәдени-көпшілік шарасы өтеді. Сіздерді кешкі сағат 19:00-де «Ясауи» музейінде өтетін «Түнгі музей» шарасының ашылу салтанатына шақырамыз.
Халықаралық музейлер күніне орай музей-қорық ұйымдастыратын шаралар таңғы сағат 10:00-де басталып, түнгі 00:00-ге дейін жалғасады. Тағылым мен танымға толы рухани кеш аясында келушілерге тарихи жәдігерлер мен ұлттық құндылықтарды насихаттайтын түрлі мәдени бағдарламалар ұсынылады. «Музей түні көріністері» көрмесін тамашалау, Хәлім ботқасын тарату, «Ойлан, тап!» викториналық сайысы, «Экспонат сөйлесін» интерактивті медиажобасы, «Тарихи ескерткіштер жайлы музейлік квест», «Қолжазба құпиясы: сия, таңба, хикмет» интерактивті қойылымы, Тарихи нысандарға шолу экскурсиялары, т.б. мәдени шаралар өтеді.





