«Көктем шақырады» көрмесі өтті

1677

«Көктем шақырады». Осындай атаумен өңірімізге белгілі суретші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі Сұлтанбек Жаңбыршиевтың жеке шығармашылық көрмесі өтті. Көрмеге қылқалам шеберінің жеке қорынан жинақталған 111 туындысы қойылған.

Өнер иесінің шығармашылық жұмыстарынан автордың туған жерге деген сүйіспеншілігі бірден байқалады. Өйткені туындыларының басым бөлігі табиғаттың әсемдігін бейнелейді. Табиғаттың сұлулығын шынайы жеткізу үшін сол ортада жұмыс жасаймын дейді суретші.

Бүгінде шәкірт тәрбиелеуді де басты міндеті санайтын ұстаздың көрмесіне студенттері көптеп келген. Олар мұндай көрмелердің өздеріне ерекше шабыт сыйлайтынын айтады. 3-ші рет өткізілген жеке көрмесіне қойылған туындылдың ерекшелегін түсіндірді.

Сұлтанбек Жаңбыршиев, ҚР Сретшілер одағының мүшесі: «Менің жұмыстарымда түспен қалай жұмыс жасайтыны көрсетілген. Және композицияны қалай құруды да үйренуге болады. Осы сияқты ерекшеліктер менің жұмыстарымнан айқын көрініп тұрады. Біздің студенттеріміздің практикалық жұмысы басталуға аз қалды. Практикада студенттер осы жердегі жұмыстар сияқты суреттер салуы керек. Сол үшін оларға көрнекілік есебінде көрме ұйымдастыруды жөн көрдік. Бұл жердегі жұмыстардың басым көпшілігі сол студенттеріме сурет салуды үйрету барысында салған суреттер. Мына туындылардың барлығы ешқандай көшірме емес, табиғаттан қарап салғанмын».

\