Кісі өлтіргені үшін 11 жылға сотталды

407

Өткен жылдың тамызында кешкі уақытта Арыс АІІБ-нің кезекші бөліміне тұрғын үйлердің бірінен мәйіттің табылғаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына келіп жеткен полицейлер ер азаматтың мәйітін анықтады. Ол жергілікті жердің тұрғыны екені белгілі болды.

Оқиға орнына келіп жеткен жедел-тергеу тобы ішімдік ішу барысында жанжал шығып, нәтижесінде 20-жасар азамат жолдасының басын темір затпен бірнеше рет ұрып, өлтіріп қойғанын, қылмысын жасыру мақсатында айғақты заттардың көзін жойып, мәйітті жасырмақ болғанын анықтады.

Тәртіп сақшылары аталған жайт негізінде ҚР ҚК-нің 99-бабы адам өлтіру бойынша қалалып полиция бөлімінің СДТБТ-не тіркеді.

Арыс ҚІІБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларынның нәтижесінде «ізін суытпай» күдікті тұлға анықталып, ұсталды. Ол Арыс қаласының 1998 жылы туылған Петр Ананьев екені анықталды.

Тергеу барысында тергеушілер күдіктінің үстінен адам өлтіру жайты бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру жұмыстарын жүргізіп, істі сотқа жолдады. Қазіргі таңда сотталған азамат жазасын өтеуде. Соттың шешімімен адам өлтіргені үшін 20-жастағы Петр Ананьев 11 жылға бас бостандығынан айрылды.

ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы