«Самал» шағынауданында ер кісінің мәйіті табылды

523

Шымкентте кісі өлімі орын алды. Самал шағынауданында тұрғын үйдің ауласынан Өзбекстан елінен келген ер адамның мәйіті табылған. Тәртіп сақшылары марқұмның жеке басын анықтады, ол 1963 жылы туған көрші елдің азаматы болып шықты. Полицейлері кісі өлтірген күдіктіні анықтап та үлгерген. Қазір іздестіру жұмыстары жүргізілуде.

Салтанат Қаракөзова, ОҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі: «ҚР ҚК-нің «адам өлтіру» жайты бойынша Ішкі істер органдарының қызметкерлерімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда полиция қызметкерлерімен күдікті азаматтың тұлғасы анықталды, ұстау шаралары жүргізіліп жатыр».

Сондай – ақ, Шымкент қаласында бұдан өзге кісі өлтіруге оқталу фактісі де тіркелген. Ел аузында бұл туралы суық қару кезенген көршілер деген ақпарат тарап жүр. Қару кезеніп, кісі өлтірмек болған күдікті қарыз ақшасын даулай келген көрінеді. Сөйтіп жүз мың теңге үшін жанжалдасқан екеудің арасында кикілжің туындаған. Қазір күдікті қамауда.

Салтанат Қаракөзова, ОҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі: «Екінші оқиғаға байланысты Абай ПБ-нің қызметкерлерімен күдікті ретінде ер азамат анықталып, ұсталды. Тергеушілермен күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің «адам өлтіруге оқталу» бабы бойынша сотқа дейінгі терегеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде».