«Шымкент сити» аумағында жеке инвесторлар құрылыс жүргізуде

770
shymkent.gov.kz

Шымкенттегі «Шымкент сити» қалашығы аумағында жеке инсвесторлар құрылыс жүргізуде. Таяуда қалалық әкімдікте Шымкент сити қалашығындағы өз жер учаскелеріне өз есебінен құрылыс салатын жеке инвесторлармен жиналыс өтті. Бұл инвесторлар құрылысты шаһардың бас жоспарына сәйкес жүргізбек.

Бүгінгі таңда жалпы алаңы 42,6974 гектарды құрайтын аймақта 20 жер пайдаланушы өз есебінен құрылыс салуға ұсыныс білдіруде. Жиналыс барысында салынатын құрылыс нысандарының сапасы, сәулеттік келбеті талқыланды. Қалашықта І және ІІ санатты көпқабатты тұрғын үйлер салу жайы да сөз болды.

Ал құрылыс салатын инвесторларға әкімдік тарапынан қолдау көрсетіледі дейді Шымкент қаласын әкімінің орынбасары Ғабит Мәуленқұлов. Айта кетсек, Шымкентсити қалашығы құрылысының жоспарына сәйкес, 314 жер пайдаланушының жалпы алаңы 403 га жер учаскесі мемлекет қажетіне алынады.

Бүгінгі таңда соның ішінде 188 жер пайдаланушының 284,9444 га учаскесі мемлекет мұқтажына қайтарылды. Ал қалған жер учаскелері бойынша жұмыс әлі жүргізілуде.