Түлкібаста тоғыз жасар бала газдан уланып көз жұмды

606

ОҚО-да тағы бір бала иісті газдан уланып қайтыс болды. ОҚО, Түлкібас ауданы, Тұрар Рысқұлов ауылдық округі, Азаттық ауылы, Қаныш Сәтбаев көшесінде тұратын 2009 жылы туған 9 жасар бала газдан уланған.

Ал 2000 жылы туған әпкесі ауыр халде ауруханаға жеткізіліп, қазір жан сақтау бөлімінде жатыр. Алдын ала болжам бойынша үйде орнатылған табиғи газ пешінде ақау болған көрінеді. Қайғылы жағдайдың себеп салдарын ОҚО, Түлкібас ауданының ІІБ мен ТЖБ-нің қызметкерлері анықтау үшін оқиға орнында жұмыс істеуде.