Үздік спортшы полицей анықталды

566

ОҚО ІІД-нің ақпараттық аналитиктері спорттық сайыстардан сынға түсті. ОҚО ІІД ақпараттық –аналитикалық бөліністері қызметкерлерінің арасында «Үздік маман» байқауы өткізілді.  Байқауда полицейлер тапаншадан оқу ату, денешынықтыру дайындығы және күрестің жауынгерлік тәсілдері бойынша сынға түсті. Байқауды өткізудегі мақсат ақпараттық –полицейлердің спорттық қабілеттіліктерін одан әрі шыңдау болып табылды. Байқауды тамашалауға департамент басшылығы мен ІІО-ның ардагерлері қатысты. Ақпараттық –аналитикалық орталығы бөліністерінің қызметкерлері арасында тартысты өткен спорт түрлері сайысының қорытындысы бойынша жүзден жүйрік шыққандар жеңімпаз болды. Сонымен,  Макаров тапаншасынан оқ ату бойынша Шымкент ҚІІБ Еңбекші ПБ-нің инспекторы Жанайдарова Гаухар І –орынды иеленді. ІІ – орынға Шардара АІІБ-нің инспекторы Мұталиев Жұмағали, ал ІІІ –орынға ОҚО ІІД ААО-ның инспекторы Наврузов Жангир лайық деп танылды. Ал, спорттың жалпы денешынықтыру дайындығы және 100, 1000 метрге жүгіру түрінен өткен сайыста, І –орынды Арыс АІІБ-нің инспекторы Еркебаев Тимур, ІІ –орынды ОҚО ІІД ААО-ның инспекторы Темірбекова Назира және ІІІ –орынды Кентау ҚІІБ-нің инспекторы Әшірхан Мадияр иеленді.

Сайыс соңында барлық жеңімпаздарға грамоталар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Сонымен қатар, сол күні Шымкент қаласындағы Бәйдібек би алаңында ОҚО ІІД ақпараттық-аналитикалық орталығы тарапынан ұйымдастырылған флешмоб болып өтті. Шара – Ішкі істер органдарының имиджін арттыру және 2018 жыл «ақпараттық-аналитикалық қызметтің құрылғанына 100 жыл» толуы мерекесін атап өтуге, сондай –ақ, осы саланың ардагерлері мен қызметкерлерін құттықтауға бағытталды.

Мерекелік іс-шараға Шымкент қалалық мектептерінің 100-ден астам оқушылары мен 50-ден астам полиция қызметкерлері қатысты.

Айтып өтейік, биыл 2018 жыл Ішкі істер органдарының ақпараттық–аналитикалық бөлінісіне 100 жыл толуы ОҚО ІІД шеңберінде кеңінен аталып өтуде. Осыған орай алдағы уақытта да түрлі іс-шаралар мен байқаулар өткізу жоспарлануда.