Электр кабельдерін ұрлаған күдіктілер ұсталды

634

Ағымдағы жылдың 2 мамырында Сарыағаш АІІБ полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған, онда белгісіз біреулер миллион теңге сомасында шығын келтіріп, бағанадан шамамен екі метр электр кабелін қолды еткенін көрсеткен. Аталған жайт Сарыағаш АІІБ-ның СДТБТ-не «ұрлық» бабы бойынша тіркелген.

Ұрлықты ашу мақсатымен Сарыағаш АІІБ ПБ қызметкерлері жергілікті полиция қызметімен бірлесе қажетті жедел іс-шараларын өткізді, оның ішінде үй-үйді аралау, сондай-ақ осы қылмысты өз көзімен көруі мүмкін куәгерлерден жауап алды.
Нәтижесінде жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер жасаған ұрлық істерін мойындаған екі күдіктіні ұстады. Электр кабелін ұрлау жайты бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазіргі таңда полицейлер ұсталғандардың басқа да осыған ұқсас қылмысқа қатысы барын тексеруде.

ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы