Мұнай өңдеу базасында өрт сөндірушілер оқу-жаттығу өткізді

482

Бүгін Шымкенттегі мұнай өңдеу базасында өрт сөндірушілер оқу-жаттығу өткізді. Алдын ала түзілген сценарий бойынша өрбіген жаттығуда, жасақ бар дайындықтарын көрсетті. Жоспар бойынша төтеншеліктер «Шымкент-Мұнай Өнімдері» мекемесінің персоналы өрт сөндіру байланыс орталық пунктіне оқыс жағдай туралы хабарлады.

Жаттығу орнына күштер мен құралдар жөнелтілді. Өрт орнына келу барысында өрт сөндіру штабы құрылып, 380 Вт құрайтын электр желісінен шыққан өрт өшірілді. Сондай-ақ АИ-92 жанар-жағармайы одан әрі таралып кетпес үшін және шартты өртті сөндіруге арналған аспаптар мен құрал жабдықтар тартылды.

Айтып келмейтін апаттың алдын алу үшін ұйымдастырылған шараға өрт сөндіру қызметінің 60 адамы мен жеті қызметтік көлігі және базаның техникасы қолданылды. Жаттығудың дәл осы аймақта өтуінің де өзіндік себебі бар. Былтыр алапат өрт болып, адам шығыны орын алған. Осындай олқылықты болдырмас үшін тараптар дайындықтарын пысықтап алды.

Лаура Нақыпқызы