Музейге тегін кіруге болады

389

Бүгін әлемнің мұражай қызметкерлері өздерінің төл мерекесі – Халықаралық мұражай күнін тойлауда. 40 жылға дәстүрлі түрде аталып өтетін бұл күні мұражай барлық қонаққа есігін айқара ашып, көрме залдары мен жәдігерлерін мақтанышпен көрсетеді. Облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұжымы бүгін «Музей түні» деп аталатын бір күндік акциясын өткізеді.

Танымдық викториналарда жастар білім-біліктерін сынасты. Келушілер экспозиция залдарына тегін шолу жасады.
Бұл мереке тек мұражайтанушылардың ғана емес, өз елінің өткенін ешегісі келетін әрбірімізге маңызды болуы тиіс дейді жас буын.

Қор сақтаушы Разия Шекербекованың мұнда жұмыс істеп жатқанына 10 жылдан асып барады. Көненің көзіндей болған жәдігерлерді күтіп ұстауды азаматтық борышым дейді ол. Мұнда әрбір дүниенің өзінің сақталу тәртібі бар.

Кәдімгі ас содасы, лимон қышқылы, жүннен жасалған шүберек тарихи құндылықтарды қаз қалпында сақтауда таптырмайтын жуғыш құралдары. Темірден жасалған бұйымдарды сақтауда ешқандай химиялық қоспалар пайдаланылмайды.
Бұл жергілікті оқу орындарының бірінде даярлық тобын тәмамдап жатқан Қытай елінен келген жастар. Өр Алтайдың жігіттері музыкалық аспаптардың құлағында ойнайды.

Мұражай сөрелерінде тұрған кей аспаптар қытай қазақтарының той томалақтарында әлі күнге дейін ойналады дейді олар.

Бүгінде облыстық тарихи-өлкетану музейінде 103 мыңнан аса экспонат бар. Қысы-жазы археологиялық қазба жұмыстарын жүргізетін мамандар айналасы бір жыл ішінде 100 жәдігерге дейін толығып отырады дейді.

Музей есігі қала тұрғындары мен қонақтары үшін бүгін сағат 22/00 ге дейін ашық. Келем деушілер мерекеге орай залдарды тегін аралап, өткеннің сырын бүккен дүниелерге көз қанықтыра алады.

Мақпал Рысбаева