Оңтүстікте «Музей түні» өтті

515
Оңтүстікте

«Музей түні». Облыстық бейнелеу өнері музейінде халықаралық музейлер күніне орай іс-шара өтті. Дәл осы күні барлық музейлерде ашық есік күні жарияланып, түнге дейін тегін қызмет көрсетілді.

Музей түніне келген көрермен тоқыма суретшісі, қазақ ұлттық гобленінің негізін қалаушы Құрасбек Тыныбековтың 70 жылдығына орай жасалған көрмемен, құнды жәндігерлермен танысып, ерекше көңіл-күйге бөленді. Іс-шара бағдарламасында сән үлгілері көрсетіліп, «Музей түні» тақырыбында сурет салынды, «Музей түні – ІІІ» фильмі көрсетілді.

Музей қызметкерлері қала тұрғындарына түнгі сағат 12-ге дейін уақыттарын қызықты өткізу үшін әннен шашу да шашты. Музей басшылары осында келетін көрермен қатары жыл сайын көбейіп келе жатқанын айтады.

Әлия Әділбек