Отырар ауданының әкімі ардагерлерді құттықтады

807
Отырар Ауданының Әкімдігі

Бүгін Ұлы Жеңіс мерекесінің 73 жылдығы қарсаңында жылдағы берік қалыптасқан ізгі дәстүр бойынша аудан әкімі Ерлан Айтаханов Ұлы Отан соғысының ардагерлері Сейдахан Дәуренбеков, Несіпбай Нахыпов пен Тұрғанбай Сәбитовтің және Хадиша Бекқұлиеваның шаңырақтарында арнайы болып, жеңіс мерекесімен шын жүректен құттықтап, облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен өзінің құттықтау хаттарын және сый-сияпаттарын табыс етті.

Ардагерлердің иықтарын зерлі шапан жапқан аудан басшысы аналарға да құрмет көрсетуді ұмыт қалдырмай, бастарына ақ орамал жапты.
Бейбіт күнді сыйлауда зұлым жаумен жан аямай шайқасып, тылда күндіз-түні тынбай еңбек еткен абзал жандарға құрмет көрсетті.