Шипажайлардың санын көбейткеннен бұрын сапасын жақсарту қажет

519

Сарыағаш ауданында жаңадан 9 шипажай салынады. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Сарыағаш ауданындағы сапары кезінде Көктерек кентіндегі шипажайлар аумағында орналасқан минералды сусын өндіретін зауыттардың бірінің жұмысымен танысты.

Қазіргі таңда кәсіпорын сағатына 20 мың дана өнім өндіреді. 8 гектар аумақта орналасқан зауытта бүгінде 80-ге жуық адам жұмыс істейді. Ауданның туристік әлеуетін таныстырған аймақ басшысы бүгінде жергілікті шипажайларға көрші мемлекеттерден шипалы суын іздеп келетін туристер саны артып келе жатқандығын айтады. Жергілікті билік өкілдеріне өңір басшысы шипажайлардың қызметін жақсыртып, кәріз жүйлерін ретке келтіруді тапсырды.