Талайды тақырға отырғызған алаяқ ұсталды

344

Шымкенттік полицейлер алаяқтардың ісін әшкереледі. 2018 жылдың 26 мамыры күні Шымкент ҚІІБ Еңбекші ПБ –не жергілікті тұрғын арызданып, онда жергілікті екі тұрғын мемлекеттік әлеуметтік бағдарламамен қомақты қаржы алып беремін деп оның сеніміне кіріп, 20 мың теңге ақшасын алғанын мәлімдеген.

Аталған жайт Еңбекші ПБ-нде тіркеліп, ҚР ҚК-нің алаяқтық бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Бұл дерек бойынша жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізген полицейлер жергілікті екі тұрғынды күдікті ретінде ұстады.

Тергеп-тексеру жұмыстары кезінде ұсталған күдіктілердің тағы бір жергілікті тұрғыннан мемлекеттік әлеуметтік көмекпен қаржы алып береміз деп 20 мың теңге ақшасын алғаны анықталды. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері күдіктілердің басқа да алаяқтық қылмыстарына қатыстылығын тексеруде.