Халық Қажымұқан стадионы маңындағы жәрмеңкені көшіруге қарсы

471

Жәрмеңкенің орнын ауыстыруға сатушылар да, алушылары да қарсы. Әр сенбі күні «Қажымұқан» атындағы стадион алдына жиналатындар осылай деп отыр. Олар жәрмеңкенің қаланың шетінде орналасқан «Барыс» базарына көшуіне наразылықтарын білдіруде.

Өткен сенбіде ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі бұрынғы орнында өтті

Қала тұрғындарын сатушыларда қолдауда. Севада Абдигазалова өнімдерін Ленгірден жеткізеді. Өз тұтынушыларым бар деген келіншек қала әкімдігі ұсынған орында саудамыз жүрмей қалады деген үрейін жасырмады:

» Қала әкімдігі Барыс базарына көшесіңдер деп ескерткеннен, мазамыз қашты. Енді ғана үйренген едік. Өзіміздің әр сенбі күні келетін клиенттеріміз бар еді. Олар енді телефон соғып қайда барамыз деп сұрауда. Бүгін таңертең   орнымызға жібермей, әйтеуір көпшілік болып қалдық бұрынғы орнымызда».

Ауыл шрауашылығы жәрмеңкесінен қолжетімді бағадағы өнімді сатып алушылардың қатарында зейнеткерлер басым. Олардың талабы таудай, қала әкімдігі халықпен санасуы керек деп отыр.

Гүлзада Дауырбаева:

«Кімнің мүдесін қорғап жатыр әкімдік. Халықты неге ойламайды.Осыдан келесі сенбіде жәрмеңке осы жерде болмасын.Сонда билік біледі не істейтінімізді»

Зейнеткер:

«Мен 80 жастамын.Осының өзіне әрең жетемін. Ал қаланың шетіндегі базарға қалай жетпекпін? Халықтың да пікірімен санасу керек  шығар. Түсінігі бар болса, барлығын ақылдасып шешпейді ме?

Қала әкімдігінің жәрмеңкені «Барыс» базарында жалғастыру жайында шешіміне сәйкес сонда барып жұмысын жүргіземін дегендер де болған.
Айткүл Батырбаева:

«Барыс базарына бардым, адам жоқ , саудам болмаған соң, жоғарғы базарда өнімдерімді саттым. Бүгін, міне стадион жанындағы жәрмеңкеге келіп, саудамды жасаудамын.Күн көрісі осы саудамен байланысты қыз келіншектер қала әкімдігінің жәрмеңкенің Барыс базарына көшетіні жайлы ескерту де жасаған дейді».

Алайда отбасын асыраймын деп тер төккен сатушылар биліктің бұл әрекетімен келіспейтінін алға тартуда.

Клара Құлтаева, сатушы:

«Өнімдерімізді бүгін жеткізсек,  қала әкімдігіндегілер «Барыс» базарына барыңдар деді. Келіспейтінімзді айттық. Көпшілігізім  осы сәрсенбіде қала әкімдігінің  алдына жиналатын болдық. Сонда  мәселе шешілетін шығар».

«Барыс» сауда орталығында

«Барыс» сауда орталығының  басшылары жәрмеңке болады деп сатушыларға да қала тұрғындарына жағдай жасаған. Алайда өздеріңіз байқағандай бір екі сатушыдан басқа сауда орталығында жан жоқ, аумағы қаңырап тұр.

Ғабит Айсекенов, «Барыс» сауда орталығы директорының орынбасары:

«Қала әкімдігімен келісілгендей біз жәрмеңке өткізуге барлығын дайындап қойдық. Өнімдерді сақтайтын контейнерлер, сататын орындар. көлік орналасатын алаңды да».

Айта кететін жәйт, қала әкімді «Барыс» базарына қатынайтын №26 және №135 қолғамдық көліктердің бағытын да созыпты. Осында жиналған көлік компанияларының өкілдері бағыттың адамдар осы жаққа үйренгенде биліктің жанар жағармаймен қолдау көрсеткенде жүзеге асатынын мәлімдеуде. Не де болса, қала әкімінің жәрмеңкені қаланың сыртына санитарлық талаптары орындалатын орынға жайғастыруы шешімі уақытша орындалмады. Бұл мәселе осы аптаның ортасында талқыланады.