Сарапшылар: «Жарылған қабырға тұрғындар үшін қауіпті емес»

406
Шымкентте жаңа үйдің қабырғалары жарылуда

Шымкентте жаңа үйдің қабырғалары жарылудаНұрсәттегі қабырғасы жарылған пәтер үй тұрғындары үшін қауіпті емес. №35 үйдегі жағдайды тексерген қалалық әкімдік пен «Тұран құрылыс» мекемесінің инженерлері осылай деп жауап берді.

«Оңтүстік Аймақ сараптама» мекемесінің мамандары тексеріп, үйдің қабырғалары мен жаппасы бүлінбеген деген қорытынды шығарып отыр. Мамандар үй тұрғындарымен кездесіп, олқылықтар адам өміріне қауіп төндірмейтінін түсіндіріпті.

Еске салайық, таяуда редакциямызға қоңырау шалған бірқатар тұрғындар жақында ғана қоныстанған пәтерлерінің қабырғалары шытынып жатыр деп көмек сұраған болатын.