Үш мұнараны құлату – 9 млн. теңге

439

Бүгін белгілі болғанындай, қала әкімінің тапсырмасына сәйкес бұрынғы қорғасын зауытының 3 мұржасын құлату үшін мемлекеттік сатып алу конкурысы жарияланыпты. Қала бюджетінен осы мақсатқа 9 млн. теңге қаралған.

Абай ауданы әкімдігінің мамандары төтеншеліктермен және жер қатынастары бөлімімен бірлесе зауыт маңайындағы тұрғын үйлерді зерделеп жатыр. Мұржаларды құлатқанда жер сілкінісі болуы мүмкін деген болжам бар, тұрғындар соған даяр болуы тиіс екен.

Мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытындысы екі аптадан кейін белгілі болады. Сала мамандарының айтуынша, биіктігі 200 метрден асатын үш мұнара сол кезде құлатылады.

Нұрлан Күдерұлы