9 мыңнан аса ескі автокөлік жойылады

553

Шымкенттік студенттер ескі көліктерді жою бағдарламасы бойынша өндірістік тәжірибеден өтті. «ӨКМ Операторы» ЖШС жастарды жарамсыз техникаларды жоюға жұмылдырып отыр.

Серіктестік өкілдері 1 жыл ішінде 15 студентті қабылдай алады. Оқуын аяқтаған қыз-жігіттерге жұмыс орындары ұсынылады. Бұл әлеуемттік-экономикалық жоба Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясы аясында қолға алынған.

Брекеттеу дегеніміз – көлік құралының көлемін кішірейтіп, қол сөмкеге сыйымды ету. Бұл процестің өз қызығы бар дейді мамандар. Серіктестік өкілдері агро-экономикалық колледждің студенттерін кәсіпорынның қым-қуыт тіршілігімен таныстырды. Жылына 15 студентті тәжірибеден өткізуге қауқарлы мекеме жастарды жұмысқа да тартуда.

Мұндай акциялар еліміздің осындай алаңшалар орналасқан еліміздің өзге аймақтарында да ұйымдастырылуда. Айта кетейік, бүгінде Қазақстан бойыншша 67 мыңнан астам көлік жоюға қабылданған. Ескі көліктерді жоюға тапсыру бойынша облыс көш бастап тұр. Бағдарлама басталғаннан бері шымкенттіктерден 9 мыңнан аса автокөлік қабылданған.

Еске салайық, ескі көліктерді жою Бағдарламасы еліміздің энергетика министрлігінің бастамасымен 2016 жылы қолға алынған болатын. Жоба қолға алынғалы техникалық мамандықтарға деген сұраныс артты. Өз кезегінде кәсіптік-техникалық білім мен орта арнаулы оқу орындарының жұмысына да аса мән беріліп отыр.