Алтын микрофон – «Отырарда»

754

Еңбек еленген күн. 28 – маусым бұқаралық ақпарат құралдары күні. Осы орайда Түркістан облысының әкімі журналистер қауымына мерекелік дастархан жайды. Салтанатты кеш табиғаты тамаша Төлеби ауданындағы тау бөктерінде өтті. Мерекелік кешке шақырылғандардың ешбірі сый-сияпатсыз қайтпады. Марапатталғандардың қатарында «Отырар» медиахолдингінің журналистері де бар.

Облыс әкімінің алғыс хаты мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін грамотасымен марапатталғандардың қатарында Отырар телеарнасының бас редакторы Зауре Оралбаева да бар.

Ал жылдың үздік тележүргізушісі ретінде «Алтын микрофон» номинациясына телеарнаның жаңалықтар редакторы Ардақ Жақсылықова лайық деп танылды.

Облыс әкімінің марапатын алған семсер сөздің серкелерінің қатарында, «Оңтүстік Рабат» газетінің бас редакторы Жәнібек Нұрыш та болды.

Бұдан бөлек марапатталғандардың қатарында тілшілер Мақпал Рыспаева, Шудин Саидов, оператор – Эльдар Жүнісқанов, видео монтажер – Константин Гавшев және «Рабат» газетінің шеф редакторы – Татьяна Эрохина болды.

Әріптестерімізді марапаттарымен құттықтай отырып, жағымды жаңалықтарда жүздесейік, жазар көбейсін дегіміз келеді.