Шымкенттіктер əлемдік спорт рекордын жаңартты

517
shymkent.gov.kz

Шымкенттің мегаполистер қатарына қосылуына орай қала тұрғындары денені жерге түсіріп-көтеру жаттығуын миллион рет орындады. Əл-Фараби алаңында өткен спорттық іс-шараға шаһардың бес мың тұрғыны қатысты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Ерекше флешмобқа Шымкенттің əкімі Нұрлан Сауранбаев та қатысып, спорттық бағдарламаны толық орындап шықты. Спорттық рекордты КИнЭС-2018 қазақстандық рекордтар кітабының өкілдері тіркеп, арнайы сертификат тапсырды.

Еске салайық, жуырда Мемлекет басшысы өз сөзінде «Қазақстан агломерацияны дамыту стратегиясын жүзеге асыруды бастады. Егер бізде бұған дейін миллион тұрғыны бар тек Алматы қаласы болса, қазір үш мегаполисіміз бар – Алматы, Астана және Шымкент қалалары» деген болатын. Осыған орай ОҚО жəне қала əкімдері Шымкенттің мегаполис атануына орай қалалықтарға үндеу жолдады. Шымкентте осы мəселеге қатысты конференциялар да өтті.