Úı ANONS Шымкенттік студент екі бірдей қылмыстың бетін ашты

Шымкенттік студент екі бірдей қылмыстың бетін ашты

Қарапайым оқу мен теориялық білімнен басталған қызығушылық – нақты тергеуге ұласты. Экономикалық және қаржылық тексеріс курсын тәмамдаған шымкенттік студент алған білімін тәжірибеде қолдануға шешім қабылдап, есірткі тасымалдауға қатысы бар екі адамды анықтады. Оның бұл әрекеті полицияның назарын аударып, бүгінде ол өз ісімен өзгелерге үлгі болып отыр.

Бет-жүзі жасырылған бұл жас жігіт есірткі тасумен айналысатындарды өз бетінше анықтап, полицияға ұстап берген. Экономикалық тергеу курсын тәмамдаған ол күмән тудырған әрекеттерді зерттеп, нақты деректер жинаған. Қазір төртінші курс студенті өз белсенділігімен көптің ықыласына бөленіп отыр.

«Күдікті азаматтар өздерінің істерінің бастамасымен күдікке ілінді. Сол күдікті зерттеу барысында олардың мефедрон заттарын тасымалдау ісімен айналысқаны белгілі болды. Алдағы уақытта осындай істердің алдын алуға барынша әрекет істейміз»

Айта кетсек, 23 қыркүйектен бастап елімізде экономикалық және қаржылық тергеулер бойынша арнайы курс басталды. Сабақтарды осы сала мамандары өткізіп, студенттерге күмәнді ақша операцияларын анықтауды, дәлел жинауды және тергеу жүргізудің тәсілдерін үйретті. Курсқа қатысқан 80 студенттің ішінен 20 үздік тыңдаушы таңдалды. Департамент қызметкерлері студенттің осындай батылдық танытқанына таңғалғандарын жасырмады.

Данияр Тұрғанбаев, Шымкент қаласы бойынша ЭТД басқарма басшысы: «Өзінің күшімен, біздің біліктілік курсында айтылған ақпаратты ескеріп, қаржылық тәуекелдерді ескеріп, Шымкент  аумағында закладчиктерді жедел жолмен анықтады. Бұл жағдай бізге тосын болды. Біздің берген ақпараттан аяқ асты қаржы шығындары ұлғайған азаматтарды анықтап, соның мефедронды тасымалдап жатқанын полицияға хабарлап, екі тұрғын құрықталған болатын».

Енді батыл студент болашақта Экономикалық тергеу департаментінде жұмыс істеуі мүмкін. Айта кетсек, ведомства өкілдері тұрғындарды 10 қазан күні өтетін қаржылық диктантқа қатысып, өз қаражатын қорғау жолдарын үйренуге шақырады.

Лаура Бабас