Жұмыссыз әйелдерге кәсіби біліктілік туралы сертификат табысталды

462
Арыс қаласы әкімдігі

«Арыс қалалық Әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Береке» ҚБ Халықаралық даму жөніндегі АҚШ агенттіг (USAID) арқылы Америка халқының қаржылай қолдауымен «Береке ынтымақ арқылы» бағдарламасы шеңберінде «Арыс қаласындағы мүмкіндігі шектеулі және әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасындағы жұмыссыз әйелдерді кәсіпке баулу» жобасы аясында тігіншілік, аспаздық, шаштараз шеберханасы мамандықтары бойынша бітіріп шыққан мамандық иелеріне сертификаттар табысталды, деп хабарлайды Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Жоба шеңберінде мүмкіндігі шектеулі және әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан жұмыссыз әйелдерге психологиялық, құқықтық, сауаттылық, көшбасшылық қасиеттерді дамыту, биснес бастамасы бойынша тренингтер ұйымдастырылып, өмір сүру бейімділігімен кедергісіз орта қалыптастыруға жағдай жасауға ықпал ету болып табылады. Мұндай тиімді жобалар алдағы уақытта да жалғасын табатын болаты.