Қаруланған радикалды діни топ ұсталды

529
inform.kz

Қарағанды облысында радикалды діни топтың іс-әрекетінің жолы кесілді. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2018 жылғы 18 шілдеде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қарағанды облысының Сәтбаев қаласында радикалды діни топтың       іс-әрекетінің жолын кесті. Арнайы операция жүргізу барысында топтың 3 мүшесі ұсталып, олардан суық қару және діни мазмұндағы материалдар алынды. Аталған тұлғаларға лаңкестік топ құрды және оның әрекеттеріне қатысты, сондай-ақ терроризмді насихаттады деген күдік келтірілуде», – делінген таратылған хабарламада.

Мәлім етілгендей, аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Басқа мәліметтер тергеу мүддесіне орай жарияланбайды.