Қарағанды: Шахтада жарылыс болып, 6 адам қаза тапты

172

Қарағанды облысындағы Абай шахтасында жарылыс болып, 6 жұмысшы қаза болды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Министрлік мәліметіне қарағанда, апат кезінде шахтада 64 адам болған, 56 адам өз бетімен шахтадан шыққан. Қазір өндіріс тоқтатылып, қайтыс болғандар мен жараланғандарды сыртқа шығарып жатыр.

Айта кетейік, «Абай» шахтасында 2008 жылы да осыған ұқсас ірі апат болған еді. Метан газының жарылысынан 14 адам жараланып, 30 адам қайтыс болған, оның 23-інің денесі жер бетіне шығарылмаған.

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, көз жұмған кеншілердің отбасыларына 10 жылдық тіршілік шығыны төленетінін атап өтті. Сондай-ақ, ол аталмыш іске қатысты қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалғанын айтты.

Мөлдір Ибадуллаева