Тілсіз жау кәсіпкерлерді шығынға батырды

220

Шымкенттегі бұрынғы «Заря» аяқ киім фабрикасы өртке оранды. Суыт хабар  өрт сөндіру қызметіне таңғы сағат 5-те тіркелген. Оқиға орын алған жерге жеті бірдей топ жұмылдырылған. Онымен қоса, түтін тартқыш арнайы техника да жұмылдырылды. Өрт шарпыған ғимарат тым ескі, яғни төбесі қамыстан соғылған. Сондықтан да өртті сөндіру оңайға соқпады.

 3-ші өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары Нүркен Сұлтановтың айтуынша, тілсіз жау 100 шаршы метр аумақты шарпыған. Сондай-ақ, 50 литрлік екі газбаллон іске  қосылған.

Ғимаратты жалға алған жеке кәсіпкерлер аз шығынға батқан жоқ. Өрт сөндіру қызметінің жедел қимылының арқасында одан да орасан шығындардың алдын алуға мүмкін болған.