Әкім әкімнің ісін жалғастыратын болды

393
Төле би ауданы әкімдігі

Төле би ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков Леңгір қаласының аумағын жұмыс сапарымен аралады. Аудан әкімі, аудандық мәслихат хатшысы және бірқатар дербес бөлімдердің басшылары қатысқан жұмыс сапарының маршрутына, қаланы дамыту бойынша өзекті мәселелер кірді.

Алдымен, аудан әкімі қаладағы №5 мектеп-гимназияда болды. 2019 жылы бұл мектептің 200 орындық оқу блогы, спорт залы және 50 орындық асханасы мен шеберханасы қарастырылған қосымша құрылысын облыстық бюджеттен қаржыландыру жоспарланып отыр. Аудан әкімі мектеп директорына, құрылыс бөлімінің және білім бөлімінің басшыларына мектепті жаңа оқу жылына дайындауға шаралар қабылдау бойынша тиісті тапсырмалар берді.

Содан соң, ауданның бірінші басшысы қаланың 1-ші мөлтек ауданындағы көп қабатты үйлер мен спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысымен танысып, құрылысты аяқтау бойынша нақты тапсырмалар берді.

Мұнан кейін, аудан әкімі «Достық» және «Тау жұлдызы» базарларында болып, меншік иелерінен өзекті мәселелерін сұрастырып, санитарлық нормалардың сақталуын қарады.
Сондай-ақ, аудан әкімі бірқатар жекеменшік кәсіпкерлік нысандарының жұмысымен танысып, нарыққа шығу бойынша ұсыныстарымен бөлісті.

Жұмыс сапарының соңында аудан әкімі қалалықтармен аудандық мәдениет үйінде кездесіп, Леңгір қаласының әкімі Б.Әділбековтің ағымдағы жылдың 6 айында атқарған жұмысы туралы есебін және алда атқаратын шаруалары туралы жоспарын тыңдады. Жиын барысында аудан әкімі бұрынғы аудан әкімі Бұхарбай Пармановтың ауданды абаттандыру, суармалы жерлердің көлемін көбейту, тағы да басқа қолға алған істері мен бастамалары аяқсыз қалмайтынын, қайта одан әрі дамытылатынын атап өтті.