Әкімдер төлем терминалдарын орнату үшін пара алған

346

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі пара алған әкімдерді ұстады. Агенттіктің ресми өкілі Нұржан Жаxиннің айтуынша, Түркістан облысы Кентау қаласының Ащысай және Хантағы ауылдық округтерінің әкімдері өз кінәларын мойындады.

«Қабылбеков және Ержігітов әкімдік ғимараттарында төлем терминалдарын орнату туралы келісімшарттарын жасау үшін 40 және 50 мың теңге көлемінде пара алды. Олар өз кінәларын толығымен мойындады. Осыған байланысты әкімдерге қатысты ұстау шарасы қолданылған жоқ. Айыптаушылар сотқа берілді», – деді Н.Жаxин Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.