Этно мәдени бірлестік жетекшілері мерейтойлық медальмен марапатталды

496

Қазақстан Халқы Ассамблеясында этно мәдени бірлестіктердің жетекшілерін Астананың 20 жылдығы медалімен марапаттады. Іс-шара барысында мегаполисте және республикамызда тұратын халықтардың өзара достығын дамыту әрі нығайту бойынша алдағы жоспарлар талқыланды. Бірлестіктердің жетекшілері Шымкентке республикалық маңызы бар қала мәртебесі берілгеннен кейін жұмыстың еселенетінін, форматты да өзгерту керегін айтты.

Роза Пак, кәріс этномәдени бірлестігінің жетекшісі: «Біз осында өмір сүреміз. Біз қиын кездері қудаланғандардың ұрпағымыз. Ата-бабаларымыздың тарихын сақтап қана қоймай, алғыс та айтуымыз керек. Достығымызды нығайта отырып, болашағамызды жоспарлауымыз керек. Әрбір бірлестігімізді достығымызбен ұштастыра білсек, нәтиже жақсарады»

Аталмыш жиынның «Тұрақтылық тұғыры» деп аталуында мән бар. Өйткені мұнда бейбітшілік алаңы есептеліп, ішкі тұрақтылықтың тұғыры болған Астана күнінің маңызы айрықша талқыланды. Ондағы әрбір ұлттың бір шаңырақ астында береке-бірлікте өмір сүруі. Ал, жиын соңы көпшілік назарына Бас қала жайында бейнефильм ұсынылды.