«Фонтан» аквасаябағы: шетелге сабылмасаңыз да болады

758

Ғажайып сәт — ашық аспан астында, ағаштардың саясында демалу. Хауыздың мөлдір суына сүйсініп, тұнық суына түсу. Енді Сіз мұндай жанға жайлы демалысты қаласаңыз, шетелге сабылмасаңыз да болады! Шымқаланың қақ төрінен «Фонтан» аквасаябағы ашылып, жерлестерімізді қуана қарсы алуға көшті.

Жанұялық демалыс үшін жайлы орынға алғашқылардың бірі болып «Отырар» телеарнасының ұжымы да барып, төл мерекесін тойлап қайтқан еді. Мерекелік әсер мен жаңа әлемдік жоғары деңгеймен терезесі теңесе бой көтерген демалыс орны, ондағы сапалы қызмет түрлері жөнінде тілшіміз толықтырсын.

Жанға жайлы демалыс – мұнтаздай таза аумақ пен мөлдір су, хауыздар мен балалар үшін үлкен су қалашықтары. Дәмі тіл үйірер тағамның сан мәзірі. Енді мұндай халықаралық жоғары талаппен санасып, сақадай сайланған демалысты іздесеңіз, шетелге сабылудың қажеті жоқ. Шымкенттің қақ төрінен – «Фонтан» аквасаябағы ашылып, жерлестерімізді қуанышқа бөлеп отыр.

Құрметті қонақтардың бірі – «Отырар» телеарнысының ұжымы болды. Әріптестеріміз «Фонтан» аквасаябағына жәй емес, төл мерекесін жұмыла тойлау үшін бұрылды. Жастар редакциясының тілшісі Әлия Әділбек жаңа демалыс аймағына санаулы сағаттардың ішінде бағасын беріп үлгерді.

Әлия Әділбек, «Жастар» редакциясының тілшісі: “Өте керемет жер, менің бойым кіші болғасын, суға түссем тұншығатын шығармын деген ой мазалады. Бірақ, мұнда барлығын ойластырып қойыпты, жылы су және тереңдегі де қалыпты”.

Жаңадан бой көтеріп, есігі енді ғана ашылса да «Фонтанға» жерлестерімізбен қатар, қала қонақтары да қуана келді. Елордамыз Астана мен қатар, Ақтау, Атыраудан арнайы бұрылып, халықаралық жоғары талапқа жауап беретін, Қазақстанда әлі баламасы жоқ аквасаябақпен танысты.

Мөлдір Қанжарова: “Мен Атыраудан арнайы келдім осында. Күн де, су да керемет. Рахмет! Тағамдары да жақсы”.

Ал балаларды әсіресе су қалашықтары қызықтырды. Мәз-мейрам күй кешкен кішкентайлар судағы ойынның қызығына батты.

«Фонтан» аквасаябағында балалар мен ересектердің қауіпсіздігі үшін 24 құтқарушыдан құралған жасақ жұмыс жасайды. Әрбір хауыз бен шомылушылардың өзін қадағалап-құнттаушы мамандар тағы бар. Ал судың сапасына келетін болсақ, заманауи технология — судың тазалығын тексеруші қондырғы мен үгітінді фильтр көмегімен, сәт сайын тазаланып, сенімділік тудырған. Судың температурасы да қалыпты жағдайда.

Дәурен Тайыров, «Pioner Group» компаниясының басқарушы директоры: “Жалпы аквасаябағымыздың аумағында 6 үлкен ересек адамдарға арналған су атракциондары бар. Қазақстан бойынша ең үлкен су қалашығы бар. аквапаркте қосымша толқынды бассейн бар. Және үлкендерге арналған үлкен бассейн бар. Сонымен қатар, біздің аумағымызда 3 тамақтанатын орын бар. Яғни, “Аква”, “Фастфуд” және “Палуба” мейрамханаларымыз бар”.

Айта өтетін ақпарат, қаламыздағы бірегей аквасаябаққа айналып отырған «Фонтанда» бүгінде бір мезетте 2000 адам кіріп, емін еркін суға түсе алады. Және бұл жаңа аймақ күн сайын, демалыссыз жұмыс жасайды. Аптаның 5 күнінде ересектер үшін кіру бағасы – 4000 теңге болса, сенбі-жексенбіде – 5000 теңге деп белгіленіп отыр. Және 5-15 жас аралығындағы жеткіншектер бұл соманың 50 пайызын ғана төлейді. Ал 5 жасқа дейінгі балаларға аква саябаққа кіру – тегін. Қоса кетейік, «Фонтан» аквабағы қаламыздағы «Қиял әлемі» саябағына қарама-қарсы бетте, Республика даңғылы, 6 а үйінде жайғасқан.

Мөлдір Бекеева