«Махаббат көжесін» ішіп көрдіңіз бе? (Видео)

402

Әлеуметтік желілерде «Махаббат көжесі» атты бейнежазба кезіп жүр. Аптап ыстықта шөлді қандырар сусын іздеп жүргендерге таптырмайтын-ақ сусын. Үлкен көк бөшкеге құйылған көжеге не қосылмаған дерсіз?! Ағарғанның ішінде алма да ағараңдайды, бұрын соңды бидай көжеге алма қосқанды кім көрген?

Бөшкенің іші пластмасс ыдыстарға толы. Сірә, салқын болсын деп мұз қатырып салған болуы керек. Ал сатушының сөзі көжені ішпесіңе қоймастай. Өзі шешен, өзі көсем, көжесінің жарнамасын жасап-ақ тұр.

«Романтикалық «махаббат көжесі», шаршағанды басатын, настроениеңді ашатын, 50 градус ыстығыңды басатын, жүректегі шапағатыңды шашатын, мусулманский халал, допинг көже! Ұнап жатса баклажкаға құйып береміз, сумкаңызға салып береміз, қалаған жеріңізге жеткізіп береміз», – дейді сатушы. Дегенмен атышулы көженің қай қалада сатылып жатқаны белгісіз.

Бәсекелестерінен басып озу үшін бүгінде адамның ойына келмейтін нешетүрлі жарнамаларды ойлап тауып жатқандар көп. Сауданың көрігін қыздыру үшін бұл да болса ұтымды тәсіл. Сонымен сіз «Махаббат көжесін» ішіп көрдіңіз бе?