Медицина саласын жаңғырту үшін алдымен ғаламторды жолға қою керек

413

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау вице – министрі Олжас Әбішев бастаған бір топ делегация өңіріміздің медицина саласының басшыларымен кездесті. Онда «Денсаулық сақтау саласын қайта жаңғырту» жобасын іске асырудағы ауқымды шараларды ортаға салды.

Семинар барысында тың әдістерді іске асыруда туындайтын проблемалар да талқыланды. Дәрігерлер саланы жаңғырту үшін алдымен денсаулық сақтау нысандарында ғаламторды жолға қою керек дейді. Әсіресе, ауылдық округтердегі емханалар мен ауруханаларда интернет желілерін жетілдіру қажет.

Олжас Әбішев, ҚР Денсаулық сақтау вице – министрі: «Сәуір айынан бастап Шымкенттегі 10 нысан электронды түрде қызмет көрсету жүйесіне енгізілді. Бұл форматта қағазбастылық деген болмайды. Науқастардың уақыты да үнемделеді».