Облыстық ІІД өңдеу орталығы 41 мыңнан астам ЖҚЕ бұзушылықты анықтады

453

Ағымдағы жылдың 6 айында облыстық ІІД Әкімшілік полиция басқармасы Процессингтік орталығының автоматтық режимде жұмыс істейтін арнайы техникалық бақылау – өлшеу құралдарымен жол қозғалысы ережелерін бұзудың жалпы 41026 дерегі тіркелді. Бұл туралы блыстық ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы хабарлайды.

Соның ішінде айыппұл төлеу қажеттілігі туралы 29267 ұйғарым тіркеліп, құқықбұзушылардың мекен – жайына жіберіліп, 227 млн. 800 мың теңгеден астам қаржы облыстық бюджетке өндірілген.

Ал, Шымкент қаласында орнатылған автоматты түрде тіркейтін «RedSpeed» базасына тіркелген ҚР басқа облыстарының автокөліктері апта сайын жолдануда.

Бүгінгі таңда, төтенше жағдайларға ұшырататын, соның ішінде кісі өліміне әкеліп соқтыратын деректер және жылдамдықты асыру жағдайларымен ұштасатын ЖҚЕ бұзу деректерін болдырмау мақсатында Шымкент қаласының көшелерінде жалпы 21 дана жылдамдық өлшеуіш құралдары, көше қиылыстарында 21 дана бейнебақылау камералары және жол қозғалысын бақылайтын 6 дана «Крис П» жүйесі үздіксіз жұмыс істеуде.