Шымкенттегі букмекерлік кеңсе түгелімен жанып кетті

Шымкентте букмекерлік кеңсесі өртке оранды. Оқиға кешкі сағат 17:00-де орын алған. Куәгерлердің айтуынша А. Байтұрсынов және Түркістан көшелері қиылысындағы ғимарат аз уақыттың ішінде күлге айналды.

Өрттің көлемі 80 ш.м құраған. Өрт сағат 17:28 – де оқшауланып, сағат 17:45 – те толығымен сөндірілген. Абырой болғанда өрттен зардап шеккендер жоқ. Енді төтеншеліктер өрттің шығу себебін анықтауда