Шымкенттік екі түлек ҰБТ-да 138 балл жинады

457
shymkent.gov.kz

Биыл Шымкент қаласында 7987 түлек мектепті тәмамдап, соның ішінде 5446 түлек ҰБТ тапсырды. Соның ішінде 5422 түлек тест тапсыру орнына келген. Биылғы ҰБТ нәтижесі бойынша Шымкент түлектерінің орташа көрсеткіші 83,6 балды құраған. Қалалық білім бөлімінің мамандары осылай деп хабарлап отыр.

Солардың арасында 138 балл жинаған екі түлек бар. Олар – Шымкенттегі №35 мектептің түлегі Гүлдана Мейірбек және №23 мектептің 11 сыныбын тәмамдаған Тұран Азым.

Сондай-ақ 1690 түлек «Алтын белгіге» үміткер болса, олардың 1650-і мектеп қабырғасында алған білімдерін ақтап шыққан. Ұлттық Бірыңғай тестілеу кезінде  24 оқушы «Алтын белгі» алғанымен, нәтижелері шектік балға жете алмай қалған. Биылғы жаңалықтың бірі, тестілеуде шымкенттік 6 түлек елімізде алғашқылардың бірі болып сынақты ағылшын тілінде тапсырыпты. Жалпы, 1599 мектеп бітіруші 100-ден жоғары балл жинаса, «Алтын белгіден» үміткер 287 түлектің барлығы сенімді ақтаған.

Қалалық білім бөлімі мамандарының хабарлауынша, биылғы ҰБТ тапсыру кезінде өрескел тәртіп бұзушылық тіркелмеген. Білім беру саласын цифрландыру бағдарламасы аясында былтыр Қазақстандағы тест тапсыру аудиторияларынң 20 пайызы бейне-бақылау камераларымен жабдықталған болатын. Соның нәтижесінде кез келген адам сынақ тапсыру нәтижесін интернет арқылы онлайн режимде бақылауға мүмкіндік алды.