«Тұрғын үй Шымкенттің» басшылығы парамен ұсталды

600
inform.kz

«Тұрғын үй Шымкент» ЖШС – қалалық әкімдікке қарасты кәсіпорын. Аталған компания тұрғын үй – коммуналдық жаңғырту шараларына жауап береді, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Нұржан Жаxиннің айтуынша, жақында «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС директоры Мұхтар Мұхамбетжан және оның орынбасары Бақбергенов ұсталды.

«Олар «Нұрлы-жер» және «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» бағдарламалары аясында Шымкенттегі үйлерді жөндеуге қатысты мердігерлік шарттарды жасағаны үшін 5,1 млн теңге сомасында заңсыз сыйақы алды деген күдік бар. Жалпы, мердігерлік жұмыстарға  34 млн теңге бөлінген», – деді Н.Жаxин Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.