Жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті

Бұл оқиға Әл Фараби көшесінің бойында тіркелген. Мұнда «Митсубиси галант» автокөлігінің жүргізушісі арнайы жолақтан өтпек болған жүргіншіні қағып кеткен. Көлік астында қалған жаяу жүргіншінің жасы 19 – да. Оны оқиға басына келген ақ халаттылар жедел ауруханаға әкетті. Жергілікті тұрғындар үлкен көшеде адам қағу жағдайы жиі орын алатынын айтады.

Әл Фараби көшесінің бойында орнатылған арнайы жолақтан жолды кесіп өту жергілікті тұрғындарға проблема болғандай. Кей кездері торуылдап жүретін жол патрульдік полициясының арнайы автокөліктерінің өзі қатты жылдамдықпен өтетін көрінеді. Бұл проблеманы тұрғындар қайта көтереміз деп оқталып отыр. Жәбірленушіні қағып кеткен жүргізушінің ісімен тәртіп сақшылары айналысатын болады.