Қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды

305

Шымкент ҚІІД Қаратау ПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғыннан үйіне белгісіз азамат бетперде киіп кіріп, пышақпен қорқытып темір сейфте болған 1.700.000 теңге мен жұп алтын сырғасын алып оқиға орнынан бой тасалағаны бойынша хабарлама келіп түсті.

Аталған жайт бойынша Қаратау ПБ-нің қызметкерлерімен жедел топ құрылды. Полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шарасы жүргізілу барысында күдікті шамамен 20-25 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап ұстады.

Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК «қарақшылық» бабымен тіркелді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауда.

Шымкент ҚІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы