«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ WhatsApp-та тараған ақпаратты теріске шығарды

481
Фото inform.kz

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ WhatsApp мессенджерінде таралған ақпаратты теріске шығарды, деп хабарлайды Қазақпарат ҰАТ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ WhatsApp желісінде «1991 жылдан 2018 жылға дейін жұмыс істеген адамдар eGov арқылы қаражатты қайтара алады» деп таратылған ақпараттың жалған екенін жариялайды. Бұл ақпарат шындыққа сай емес болғандықтан, азаматтарды арандатушы ақпаратқа сенбеуін сұраймыз», – делінген хабарламада.

Бұған дейін әлеуметтік желіде 1991-2018 жылдары жұмыс істеген адамдардың eGov арқылы қаражатты қайтаруы туралы сауалнама жариялаған болатын.