Ұялы телефон ұрысы ұсталды

472
Zakon.kz

Шымкент ҚІІД Әл-Фараби ПБ-не жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында қала көшелерінің бірінде орналасқан аялдамада белгісіз тұлға қалтасынан құны 70.000 теңге тұратын ұялы телефонын жасырын түрде ұрлап кеткені туралы жазып көрсеткен, деп хабарлайды Шымкент ҚІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасы.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Әл-Фараби ПБ-нің қызметкерлері күдікті ретінде жергілікті тұрғынды ұстады. Қазіргі таңда аталған жайт ҚР ҚК «ұрлық» бабы бойынша СДТБТ-не тіркелген. Тергеу амалдары жүргізілуде.