Әділет департаменті мамандар іздейді

747

Түркістан облыстық Әділет департаменті бос лауазым орындарына конкурс жариялап, ережесін айтты. Құқықтану мамандығын меңгерген, қолында арнайы тестілеуден өткендігін мәлімдейтін сертификаты бар азаматтар қатыса алады.

Жалпы конкурстың ашықтығы мен обективтілігін қамтамасыз ету мақсатында әнгімелесу өтеді. Оған байқаушы ретінде Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша өкілі және мемлекеттік кірістер департаментінің маманы қатыстырылды. Сондай-ақ, “Ғаламат” қоғамдық бірлестігі мен БАҚ өкілдері байқаушы ретінде қатысып қайтты.

Майра Дүйсенбекова, Түркістан облысының Әділет департаментінің басқарама басшысы: “Түркістан обылыстық Әділет департаменті үш лауызымға бос орындар жария етті. Бұл жеке сот орындаушылардың ұйымдастыру жөніндегі бөлімінің бас маманы және екі бірлік Ордабасы мен Төлеби ауданы бойынша жетекші маманы лауазымдары. Жалпы конкурсқа 14 адам құжат тапсырған. Қатысушылардың орта жасы 26 -ны құрап отыр.

Ернар Балабеков